Ақтөбе облысындағы 3 ауылға газ құбыры тартылады

709

Ақтөбе облысындағы 3 ауылға газ құбыры тартылады

Биыл Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы 3 ауылға газ бен су тартылады. Мұны "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев мәлім етті.

Спикердің айтуынша, 2016 жылы облыстық бюджеттен Байқадам және Қаратоғай ауылдарында газ құбырларының құрылысын бастауға қаражат бөлінген.

"2017 жылдың соңына қарай құрылыс жұмысы аяқталады. Сонымен қатар, Бершүгір, Сарсай және Алабас ауылдарында газ құбырларының құрылысына мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама бар", – дейді Бауыржан Қаниев.

ТКШ дамыту тақырыбын жалғастыра келе, аудан әкімі 2016 жылы шалқар қаласының су құбыры желілері қайта жаңартылғанын, сондай-ақ қаланы дамыту аймағында су құбыры желілерінің құрылысы басталғанын айтты.

Осылайша, 2017 жылы Аққайтым және Байқадам ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы басталады, ал Бершүгір ауылының су құбыры желілері қайта жаңартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу