Ақтөбе облысындағы химиялық зауыттың орнын тазарту үшін 7 миллиард теңге керек

1247

Оған республикалық бюджеттен қаржы сұралды.

Ақтөбе облысындағы химиялық зауыттың орнын тазарту үшін 7 миллиард теңге керек

Ақтөбенің Алға ауданындағы химиялық зауыттан қалған қалдықты жою қажет. Бұл үшін 7,7 миллиард теңгеден астам қаржы сұралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Алға ауданындағы химиялық зауыттың орны әлі тазартылмай тұр. Жобалық-сметалық құжат әзір, 7 миллиард теңгеден астам қаржы қажет.

"Республикалық бюджеттен қаржы сұралды. Егер зауыт орны тазартылса, ол жерге көлік-логистикалық орталығын салу жоспарда бар. Аумағы – 300 га", – деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу