Ақтөбе облысындағы коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы орташа

1445

Емханаларға 68 адам жатқызылып, бақылауға алынған. 

Ақтөбе облысындағы коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы орташа

22 наурызда Ақтөбе облысында коронавирустық инфекция жұқтырған алғашқы науқас тіркелген болатын.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы шетелден келген азаматшаның жағдайы орташа екенін мәлімдеді. 

"Науқас 22 наурызда таңғы рейспен Испаниядан келді. Ол бірден бақылауға алынды. Кейін зертханалық тексеріс барасында коронавирустық инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде оның жағдайы орташа. Барлық қажетті ем шаралары жүргізіліп, науқаспен байланысқа түскендер анықталды. Бүгінде емханаларда 68 адам жатыр. Олардың жағдайлары қанағаттандырарлық. Бұдан бөлек 38 адам үй карантинінде", – деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Айта кететіні науқаспен бір ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 57 адам ұшып келген. Қазіргі кезде олардың барлығы оқшауланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу