Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

608

Ақтөбе облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Мұғалжар ауданы аумағындағы алтын өндіретін "Юбилейное" кен орнында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.  

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды Фото: pixabay

Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, жер астында 4 жұмысшы болған.

48 жастағы электрик тоқ сымдарын жалғап жатқан кезде оны ауыр экскаватор жаншып кеткен.
Әріптестері дереу жоғарыға шығарғанмен, алған жарақаты өте ауыр болып, жұмысшы қайтыс болды. Машинист оны қараңғыда көрмей қалғанын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу