Ақтөбе облысының 100 мың тұрғыны латын әліпбиінде диктант жазады

1525

Диктант нәтижесі Астанаға жолданады.

Ақтөбе облысының 100 мың тұрғыны латын әліпбиінде диктант жазады

Тілдерді дамыту басқармасы тіл мамандарымен бірлесіп, аудандарда халықпен кездесіп жатыр. Олар латын әліпбиін түсіндіріп, тұрғындардан түскен сауалдарға жауап беріп жүр. Қазіргі таңда Темір, Байғанин, Мұғалжар, Мәртөк, Әйтеке би және Ойыл аудандарының халқы қамтылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz..

Тілдерді дамыту басқармасының маманы Арайлым Нұрбаеваның сөзінше, кездесу барысында латын әліпбиіне ешкім қарсылық танытқан жоқ. Керісінше, тіпті өзге ұлт өкілдері де латын әліпбиінің енгізілуін құптап отыр.

"Бұл ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Біздер отбасылық медицина орталығында болдық. Ондағы орыс ұлтының өкілі қазақша түсінеді және жаза алады", — деді маман.

Оның айтуынша, министрлік Ақтөбе облысындағы 100 мың тұрғыннан латын әліпбиінде диктант алуға тапсырма берген.

"Жуырда дикатнттың аудионұсқасы келуі керек. Аудиомәтін 80-90 сөзден тұрады. 14 қараша күні 100 мың адамнан латын әліпбиінде диктант аламыз. Диктанттың нәтижесін жинап, статистикалық мәліметтерді Астанаға жібереміз", — деді Арайлым Нұрбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу