Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған болатын.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда дүниеге келген.
Білімі:
1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген , құқықтанушы.
1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.
Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы:
1988-1991 жж. – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.
1991-1994 жж. – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.
1994-1996 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, деканының орынбасары.
1997-1999 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.
1999-2001 гг. – "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры
2001-2006 жж. – Қарағанды облсы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.
2008-2017 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
2017 жылдың наурызынан – 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Маңғысиау облысы әкімі.
2019 жылдың 16 қыркүйегінен – 2020 жылдың 11 ақпанына дейін - Қазқастан Республикасы кәсіподақ федерациясының төрағасы.
2020 жылдың 11 ақпанынан 2022 жылдың 31 тамызына дейін – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болды.