Өңір басшысы өндірісте жұмыс істейтін нәзік жандыларға қызметтері үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Облыс әкімі Ақтөбе ферроқорытпа заводында жұмыс істейтін көпбалалы аналарды кәсіби шеберлігі және аймақ экономиксына қосқан үлесі үшін құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттады. Жасаған жұмыстарына жеміс тілеп, қаржылай 100 мың теңгелік сертификаттарды табыс етті.
"Ақтөбе облысының жалпы әлеуметтік – экономикалық саласында "Казхром" ТҰК" АҚ орны бөлек. Оның үстіне мыңдаған ұжымды тәрбиелеп келе жатырған орта. Көктемнің алғашқы мерекесімен барлық нәзік жандыларды құттықтаймын. Сіздер жауапты жұмыстан бөлек отбасында үлгілі анасыздар. Барлығы үшін алғысымды айтамын", — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.