Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі 7 вокзалдағы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

343

Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі теміржол вокзалдарын жаңғыртудың барысы қаралды.  

Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі 7 вокзалдағы жаңғырту жұмыстарын сынға алды Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Өңір басшысы вокзалдарды реконструкциялау cтратегиялық жұмыс екеніне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондықтан жұмыстардың мерзімі мен сапасы ең жоғары талаптарға сай болуы тиіс.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Вокзал шаруашылығын модернизациялау дирекциясының Батыс өңірлік филиалының басшысы Дәурен Нұрмағанбетовтың айтуынша, 7 теміржол вокзалы реконструкциялаумен күрделі жөндеуге 6,7 млрд теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ. Кейбір нысанда құрылыс белгіленген мерзімнен қалып барады.

"Премьер-Министр жобаларды жылдың соңына дейін толық аяқтауды нақты тапсырды. Соған қарамастан, жұмыс қарқыны баяу және белгіленген көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Бірқатар нысанда жоспарлау мен ұйымдастыруда айтарлықтай кемшіліктер бар", – деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Дәурен Нұрмағанбетовтің айтуынша, жұмыстарды уақытылы орындау үшін құжаттарды келісуді жеделдету, тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету, нысандардағы күнделікті бақылауды күшейту және мердігерлердің кестені сақтау жауапкершілігін арттыру қажет.

Жұмыстар жалғасып жатыр және аталған мәселелер дер кезінде шешілсе, 7 вокзалдың бәрінде жоспарланған мерзімде аяқтау мүмкін.

"Жұмыстар кестеге сәйкес, қатаң, сапасы төмендетілмей атқарылуы тиіс. Әрбір нысанға күнделікті бақылау болуы керек, ал мердігерлер мерзіммен сапаны сақтау үшін толық жауапты. Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын жолға қойып, жобалардың орындалуына жүйелі талқылау қажет. Барлық жауапты органдарға жұмысты қайта бөліп, бақылау мен тәртіпті күшейтуді, сондай-ақ Үкімет тапсырмаларының сөзсіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Депутаттық бақылауға да ерекше назар аудару қажет", – деді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу