Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі "сақалды" құрылыс санын айтты

185

Биыл 10 жоба бойынша жұмыстар аяқталған.

Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі "сақалды" құрылыс санын айтты Фото: Жетісу газеті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жыл басынан бері 17 құрылысты анықтадық, 10 жобаны аяқтадық. Тағы 7 жоба қалып отыр. Оның ішінде мектеп, спорт кешендері бар. Оларды келесі жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл бастасақ та, оны аяқтауға мүмкіндік болған жоқ", – деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысының дерегінше, облыста 827 отбасы пәтермен қамтамасыз етілген. "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламасы аясында 225 отбасы баспана алды. Оның ішінде 118 отбасы әлеуметтік осал топқа жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу