Ақтөбе облысының әкімі сүт өндірушілерге Белоруссияның тәжірибесін үлгі етті

1176

Ақтөбе облысының әкімі сүт өндірушілерге Белоруссияның тәжірибесін үлгі етті

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сүт шаруашылығын дамыту керектігі жөнінде батыра айтты, деп жазады "Тілші" ақпарат агенттігі.
"Сендерде тасжол да бар, теміржол да өтіп жатыр. Облыс орталығына жақын орналасқансыңдар. Сүт пен сүт өнімдерін өткізуге болады ғой", — деді Сапарбаев аудан әкімінің есептік кездесуінде.
Айта кетейік, аталған шараға ауылдық округ басшылары мен аудандағы кәсіпкерлер де қатысқан болатын.

Облыс басшысы ауданда жұмыс істейтін Мәртөк сүт кәсіпорнында сүт өнімдері түрлерінің аз екенін алға тартты.
"Мен осы бойы аталған кәсіпорын өкілінен сұрай қойған едім, ол небары 14 түрлі өнім шығаратынын жеткізді. Аз емес пе? Мәселен, Белоруссияда негізгі кіріс сүт өнімдерінен түсіп отыр. Бір ғана сүттен 200-ден астам өнім шығарады. Мінеки, ақша деген қайда жатыр?! Ал, балмұздақтың 40 түрі шығарылады. Сондықтан, ертеңгі күні жақсы жұмыс жасау үшін сүт өндірісін жақсылап қолға алуымыз керек, мал басы санын да көбейткен жөн", — деді облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев облыстағы барлық аудан орталықтарында сүт қабылдау бекеттерінің ашылғанын да жеткізді.

Алайда, әкімнің пайымынша, сүт тапсыру-жинау бойынша жұмыстар әлі тиісті деңгейде ұйымдастырылмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу