Ақтөбе облысының аумағында 2 775 көлік сапарларын жалғастыра алмай, қаңтарылып тұр

352

Олардың көбі Хромтау,Ақтөбе қалаларында және Қарабұтақ ауылына шоғырланған.  

Ақтөбе облысының аумағында 2 775 көлік сапарларын жалғастыра алмай, қаңтарылып тұр Фото: Әзиз Жанұзақ

Аймақта 7 ақпаннан бері ат құлағы көрінбейтін боранның салдарынан жолдар жабылып, көлік қатынасына да үлкен қиындық тудырды. Қазір жылыту бекеттерінде 819 адам бар. Оларға жергілікті әкімдіктер мен қарапайым ауыл ыстық тамақ пен басқа да керек-жарақтарын жеткізіп жатыр. Соңғы тәуліктерде 653 жолаушы эвакуацияланған. Полицейлер 50-ден аса көлікті қауіпсіз аумаққа жеткізді. Бұл жұмыстарға әскерилер де тартылған. 

"Авариялық құтқару жұмыстарымен 90 техника мен 240 адам айналысуда. Барлығы 160 құтқарылды. Оның ішінде 17 бала, 7 жүкті әйел мен 6 шет ел азаматы бар. Қазір облыс аумағындағы 2 республикалық, 2 облыстық маңыздағы жолдар жабық. Жолдарды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райын бақылап отырмыз, жуық арада қатынас қалпына келуі тиіс", - дейді Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу