Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды

161

Бүгінгі таңда үш нысан пайдалануға берілді, сегіз нысанның құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды Фото: Үкімет

Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Ақтөбе облысының 1,5 мыңнан астам тұрғыны бар Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына сәйкес салынған.

Медициналық нысан амбулаториялық қызмет көрсетеді, зертханалық диагностика мен скринингтер жүргізеді. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Амбулатория тәулігіне 45 келушіге есептелген.

Сондай-ақ өңірде бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор қаражатына салынған Байғанин ауданының Ноғайты ауылында күніне 40 келушіге есептелген фельдшерлік-акушерлік пункт (құны – 190 млн теңге) және қуаты тәулігіне 25 келушіге арналған Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы медициналық пункт (құны – 145 млн теңге) пайдалануға берілген болатын.

5 мыңға жуық адам тұратын  Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Жалпы Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу