Ақтөбе облысының барлық шекара бекетінде тексеру кешені ашылады

1389

Ақтөбе – Орынбор шекара бекетінде Қазақстандағы алғашқы инспекциялық тексеру кешені ашылды.

Ақтөбе облысының барлық шекара бекетінде тексеру кешені ашылады

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы Оңдасын Оразалин, облыстық прокуратураның, полиция және мемлекеттік кірістер департаменттері мен №2030 әскери бөлімінің басшылары қатысты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы еліміздің шекара қауіпсіздігіне баса назар аударады. Бұл маңызды нысанның ашылуы осының айқын айғағы. Өңірде шекара жүйесінің қызметін жетілдіру, шекара бақылауы кезінде заманауи технологияларды пайдалану, Қазақстан аумағына заңсыз тауарлардың, қару мен есірткі заттарын әкелудің алдын алу шаралары қабылданып жатыр", – деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Бұл – шекарада орналасқан Қазақстандағы алғашқы кешен. Оның алаңы 450 шаршы метр, биіктігі 6 метр. Тәулік бойы жұмыс істейді. Кешен көліктің барлық түрін және олардың ішін тексеруге арналған. Бақылау аймағы қауіпсіз әрі контейнерлердегі тауардың формасын анық көруге мүмкіндік береді. Контрабандалық заттарды бірден анықтайды. Жоба құны – 1 млрд теңге. Алдағы уақытта Ақтөбе облысының барлық шекара бекеті осындай кешендермен жабдықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу