"Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 12 млн теңге айыппұл төлейді", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
Айта кетейік, Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы экология департаментінің басшысы ретінде кәсіпкерлік субъектісі директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған. Ол параны қамқорлық көрсету үшін алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу