Ақтөбе облысының екі ауылында әлі күнге дейін қатынас жоқ

212

Жайсаңбай мен Мамыр елді мекендерінде тек ер адамдар ғана қалған. 

Ақтөбе облысының екі ауылында әлі күнге дейін қатынас жоқ Фото: Фото видеодан алынды

Қазір Жайсаңбайда 50 ерікті мен 15 әскери қызметкер судың бағытын бұру, аулаларды тазарту жұмыстарын атқарып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл адамдары су келген күні аудан орталығына эвакуацияланған болатын. Қазір мұнда малдарын қарап отыру үшін ер адамдар ғана қалған. Оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да керек-жарақтары қайықтармен жеткізіліп жатыр. Ауылда алты техника жұмыс істеп тұр. Торғай өзенінен судың келіп жатқанына екі аптадан асты. Дегенмен, қазір су деңгейі тұрақты.  Мамыр ауылында да дәл осындай жағдай. Тікелей жол қатынасы болмағандықтан, көліктер көршілес Дүкен ауылы арқылы жүріп жатыр. 

"Жол қатынасын қалпына келтіру үшін су өткізгіш құбыр салуды бастадық. Құбыр құрылысы аяқталғаннан кейін тікелей жол болады. Алайда, ауылға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақытында жеткізіліп отыр. Мамыр ауылы тұрғындарының негізгі бөлігі дер кезінде Ырғыз ауылына кезінде эвакуацияланған болатын", - деді Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Асқар Уәли.

Ырғыз ауданының елді мекендеріне нөпір су сәуірдің соңына қарай келді. Белшер, Нұра, Мамыр ауылдарына су кірді. Аудан бойынша 152 үй жарамсыз болып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу