Ақтөбе облысының экс-әкіміне қатысты сот басталды

2471

Ермек Имантаевқа Қылмыстық кодекстің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айып тағылып отыр. 

Ақтөбе облысының экс-әкіміне қатысты сот басталды

Тергеу материалдарында айыпталушының "СПК-Ақтөбеге" тиесілі" аумағы 24 га болатын жерді аудитті айналып өтіп, нарықтағыдан да төмен бағаға бағалап, кәдеге жаратуды көздегендігі айтылады. Алдын ала сот тыңдауы кезінде Ермек Имантаев  судьядан істі объективті қарауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

"Мен өмірімде өз сөзіме, әрекетіме жауап беретін адаммын. Қорғаушыларымның айтқандарына қосыламын. Қылымсытқ істі  объективті қарау үшін қайта тергеуге жіберуіңізді сұраймын. Күдіктілер қатарына екі Сұлтановты  қосуыңызды сұраймын. Оның бірі – мен өмірімде көормеген жер учаскесінің иесі борлса, екінші – менің кеңесшім, жерге қатысты оппарцияларды жүргізген Артур Сұлтанов",- деді  айыпталушы Ермек Имантаев.

Ал қорғаушысы экс-әкімнің денсаулық жағдайын ескеріп, уақытша тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстыруды сұрады.  Оның айтуынша, Ермек Имантаевтың жүрегіне ота жасаған.  Сот бейсенбі күні жалғасады.

Айта кеткен жөн, Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған. Әр жылдары Президенті Әкімшілігінде, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде еңбек етті. Ал 2019-2021 жылдары "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамын басқарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу