Ақтөбе облысының коммуналдық кәсіпорнына 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды

768

Кәсіпорын жосықсыз бәсекелестік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ақтөбе облысының коммуналдық кәсіпорнына 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің тергеу нәтижелері бойынша "Aqtobe su-energy group" АҚ жосықсыз бәсеке үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Коммуналдық кәсіпорын тұтынушыларды 2020 жылдың тамызынан бастап жылу жүйелеріне гидравликалық сынақтар жүргізуге және осы жұмыстарға үшінші тарап ұйымдарын тартуға рұқсат етілмейтіні туралы хабарламалар жіберіп, көпшілікке қолжетімді ақпаратты орналастырып, адастырды. Бұл қызметтер бәсекелестік ортаға қатысты болса да, тұтынушы дербес немесе үшінші тараптарды тарта отырып, жылу жүйелеріне гидравликалық сынақтар жүргізуге құқылы",– деп түсіндіреді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.

Тергеу барысында "Aqtobesu-energygroup" АҚ-ның әрекеттері бәсекелестікте құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қолжеткізуге бағытталғаны анықталыпты.

Тергеу нәтижесімен келіспеген кәсіпорын Ақтөбе облысының сот органдарына монополияға қарсы органның іс-әрекетіне шағым түсіреді. Дегенмен ұзаққа созылған сот процестерінен кейін департаменттің тергеу нәтижелері заңды және негізді деп танылыпты.

Осылайша "Aqtobe su-energy group" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 375 500 теңге сомасында айыппұл төлеуге міндеттелді.

Әкімшілік соттың қаулысы күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу