Ақтөбе облысының тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді

674

Тәркіленген мүйіздер бойынша сараптама тағайындалды.

Ақтөбе облысының тұрғынынан ақбөкен мүйізі тәркіленді Фото: polisia.kz

Ембі полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" ММ қызметкерлерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде ауыл тұрғынынан полиция қызметкерлері рюкзактағы 76 ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу