Ақтөбе облысының үздік ауыл еңбеккерлеріне автокөлік табыс етілді

2182

 Ақтөбе облысының үздік ауыл еңбеккерлеріне автокөлік табыс етілді

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы күніне орай жәрмеңке өткізіліп, бір литр сүттің бағасы 200 теңге, бір келі ет 1250 теңге, картоп 60 теңге болды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі..

Бір ғана Мәртөк ауданының ауыл шаруашылығын өндірушілері облыс орталығына бір центнерден астам сиыр және жылқы етін, 100 келі қой мен шошқа етін, 300 келіден астам сүт өнімдерін әкелді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембаев биыл ауыл халқының еңбек өнімділігі бір жұмысшыға 48%-ға (өткен жылмен салыстырғанда 705 мың теңгеден 1,2 млн теңге дейін) өскенін, асыл тұқымды мал басы  51%-ға ( 28 мың бастан 42 300 басқа дейін) артқанын айтты.

"Егістіктің 15%-ға, 754 100 гектарға дейін, суармалы жерлердің 41%-ға, 30 600 гектарға дейін өсуі, инновациялық жобалар мен өңдеу өндірісін енгізу өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. қазіргі таңда ара, қоян, балық, бөдене өсіретін 600-ден аса шаруашылық бар. Жаңа егіннің астығы орташа алғанда 12 центнерден 17 центнерге дейін жиналды, қой шаруашылығы белсенді дамып жатыр",- деп атап өтті Құсайын Сәрсембаев.

Бұдан басқа, аталмыш сала еңбеккерлерін марапаттау салтанаты өтті. Боранияз Ерішов ("Қазсушар" РМК АФ бас маманы), Надежда Нұржанова ( "Айбек" ӘКК) мен Қадір Қибашев (Қарғалы ауданы) "Еңбек ардагері" медалімен, 18 ауыл тұрғыны ауыл шаруашылығы министрлігінің грамоталарымен, 62 қызметкер облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Шопандар, жылқы, түйе бақташылары да бағалы сыйлықтарға ие болды. Мал дәрігерлеріне, малшыларға, ауыл шаруашылғы құрылымдарының механизаторларына, бригадирлеріне жаңа автокөліктер кілті тарту етілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу