Ақтөбе өнеркәсіптік аймаққа айналмақ

1035

Өңір экономикасына алдағы бес жылға 6 трлн. теңгедей қаражат тартылмақ.  

Ақтөбе өнеркәсіптік аймаққа айналмақ

Ақтөбе облысын индустриалды аймаққа айналдыру жобасы қарқынды жүруде. Осы орайда алдағы бес жыл ішінде облыс экономикасына 6 трлн.теңгеге жуық қаражат салу көзделген, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Атап айтқанда, 2021 жылы 801 млрд,теңге, 2022 жылы 933 млрд. теңге, 2023 жылы 1,13 трлн.теңге, 2024 жылы 1,34 трлн.теңге, 2025 жылы 1,55 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Олар экономиканың құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, фармацевтика, азық-түлік өндірісі сынды салаларына салынатын болады.

Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше,  биыл жыл соңына дейін өңірде 128 млрд.теңгеге бағаланған 31 нысан іске қосылады. Ал облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін жалпы құны 323 млрд.теңге болатын жобалар жүзеге аспақ. Олардың қатарында, тау-кен металлургия комбинаты, мобильді бұрғылау қондырғылары мен диализаторлар өндірісі, жел электр стансасы, қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдеу зауыты, құс фабрикасы мен жылыжай кешені бар. Сондай-ақ, екі деректерді өңдеу орталығы салынуы тиіс.

Белгілі болғандай, Ақтөбе индустриалды аймағын құру жобасы жүзеге асқан жағдайда 20 мыңнан астам адам жұмыс орнымен қамтылмақ. Оған үлес қосуға ниет білдірген инвесторларға жер телімдерін бөліп, салықтық жеңілдіктер жасау қарастырылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу