Ақтөбе өңірінде 53-тен аса компания еңбекақыны көтереді

690

Елбасының азаматтардың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмаларына сәйкес, өңірдегі бірқатар кәсіпорын жаңа жыл мерекесіне орай жұмысшыларына сыйақы мен 13-ші айлықтарын береді.

Ақтөбе өңірінде 53-тен аса компания еңбекақыны көтереді

Ақтөбе облысындағы ірі кәсіпорындар жұмысшылардың еңбекақысын көтереді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауындағы тапсырмаларды  жүзеге асыру аясында  "Қазхром" ТҰК" АҚ, "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС, "Восход-Oriel" ЖШС және "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС мен басқа да ірі кәсіпорындар  2019 жылдан бастап жұмысшылардың айлығын көтереді. 

Атап айтқанда, 1 қаңтардан бастап Еуразиялық топ құрамына кіретін "Қазхром" ТҰК" сынды бөлімшелер қызметкерлерінің еңбекақысы 9-14 пайызға өспек. "АМК" ЖШС қызметкерлерінің айлықтары жаңа жылдан бастап  4 пайызға, "Восход-Oriel" ЖШС қызметкерлерінікі 9 пайызға өседі."Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС жұмысшыларының да еңбекақысы келесі жылдың қаңтар айынан бастап 7-10 пайызға көтеріледі.

Елбасының азаматтардың әл-ауқатын көтеру бойынша тапсырмаларына сәйкес, өңірдегі бірқатар кәсіпорын жаңа жыл мерекесіне орай жұмысшыларына сыйақы мен 13-ші айлықтарын береді.

Жалпы, өңірдегі 53-тен аса ірі кәсіпорын мен компания еңбекақыны 7-20 пайызға көтереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу