Ақтөбе өңіріндегі су тасқыны: 12 адам эвакуациялау пункттеріне орналасты

624

Аймақта су тасқынымен күресу жұмыстары жалғасуда. 26 наурызда облысқа қосымша күштер жіберілді.  

Ақтөбе өңіріндегі су тасқыны: 12 адам эвакуациялау пункттеріне орналасты Фото: gov.kz

Су басқан Қобда ауылының тұрғындары әлі үйлеріне қайта алмай, эвакуациялау пункттерінде және туыстарында қалды.

Бұған дейін эвакуацияланған 12 ауыл тұрғыны уақытша ұстау изоляторында, тағы 79 адам туыстарына қоныстанған. 365 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 наурызда Қобда елді мекеніне 32 адам, Төтенше жағдайлар департаментінен 12 техника, оның ішінде сорғыш техникасы қосымша күштер мен құралдар жіберілді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар суды сорып, құм толған мөшектерді орнату жұмыстарын жалғастыруда. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағдай тұрақты бақылауда.

24 наурызда Ойыл ауданы Қаратал ауылында табиғи төтенше жағдай режимі жарияланды. Ауылда Ойыл өзені арнасынан асып, 11 үйді су басты.

Айта кетейік, наурыз айының басында Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ауыл тұрғындары үшін 24 жаңа үй салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу