Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізеді

917

Бұл туралы Қазақстанның СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов айтты.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізеді

"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС "Солтүстік – Оңтүстік" теміржол учаскесінің құрылысы үшін Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізуге жарияланған тендерде ұтып шықты. Бұл туралы Қазақстанның СІМ басшысы Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

"Ауғанстанда бейбіт жолмен қалпына келтіру және көлік-инфрақұрылымдық желілерді жаңғырту процесі жүріп жатыр. Қазіргі таңда "Солтүстік – Оңтүстік" темір жолының құрылысы жүріп жатыр. Қазақстандық "Интегра" компаниясы Хаф – Герат учаскесінің 43 километріне жарияланған тендерді ұтып алды. Сонымен қатар, қазақстандық "Ақтөбе рельс – арқалық зауыты" осы темір жол құрылысы үшін Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізуге конкурсты жеңіп алды", –  деді Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетсек, "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС 2014 жылдың соңында пайдалануға берілді. Зауытты "Қазақстан темір жолы" ҰҚ (ҚТЖ) жеке инвесторлармен бірлесіп салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу