"Ақтөбе-Ресей шекарасы" автожолының екі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

1510

Әр учаскеде орташа жөндеу жұмыстарына қажетті жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

"Ақтөбе-Ресей шекарасы" автожолының екі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2019 жылғы мамыр айында 90,55-110 шақырым учаскеде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда жолшылар асфальтбетон жабынын фрезерлеу, ресайклинг мен айналып өту жолын орнату бойынша жұмыс жасауда.

Бұл жұмыстар "Ақтөбе-РФ шекарасы" автожолының ұзындығы 26,8 шақырым 110-136,8 км учаскесінде де жүргізіліп жатыр.

Жоспарға сәйкес екі учаскеде су өткізгіш құбырлар жөнделеді, жол жиегі нығайтылады және жолақтар салынады. Әр учаскеде орташа жөндеу жұмыстарына қажетті жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу