Ақтөбе стансасында әйел адам көз жұмды

167

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбе стансасында әйел адам көз жұмды Фото: Сарыарқа ақпарат

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 ақпан күні орын алған. Алайда полиция оқиғаның нақты қалай болғанын ашып айтпады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу