Ақтөбе тағы "тұншығып" жатыр

480

Қаладағы қоқыс полигоны тағы тұтанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе тағы "тұншығып" жатыр Фото: inbusiness.kz

Қою түтін қаланың Батыс-2 ауданын басып қалды. Тұрғындар таңалагеуімнен ыстың иісінен тыныстай алмағанын айтады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоқыс полигоны жанып жатқаны ақпарат түскен. Оған өрт сөндіру бөлімдері мен полигонның 35 қызметкері және 35 техниканы жұмылдырған.

Мамандар бықсыған қоқыс қалдығын сөндіріп, үстін құммен жауып жатыр. Қанша аумақ жанғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. 

Қаладағы қоқыс полигоны жұмыс істеп тұрғанына 15 жылдан асты. Тек биыл 10 рет өртенген.

Қазіргі таңда қоқыстың бықсуын сөндіру және құммен жабу жұмыстары атқарылуда. Ол үшін 200 мың тонна топырақ қажет. Әкімдік мәселені шешу үшін көне полигонның бетін топырақпен бітіп, консервациялауға шешім қабылдаған. Ол үшін бюджеттен 160 млн теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу