Ақтөбе тұрғыны 6 келіден астам есірткі сақтаған

399

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келіден асатын марихуана есірткі құралы екені анықталды. 

Ақтөбе тұрғыны 6 келіден астам есірткі сақтаған Фото: polisia.kz

Ақтөбеде ер адамды сырттай тексеру кезінде комбинезонының қалтасынан өсімдік тектес заттары бар 4 қағаз байламы табылып, тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам тұрғылықты жері бойынша есірткі заттарын сақтайтынын айтқан. Тұрғылықты жерін тінту барысында 105 қағаз орамасы бар екі полиэтилен пакет және сарайдан өсімдік тектес заты бар қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келіден асатын марихуана есірткі құралы екені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу