Ақтөбе тұрғыны автобусқа өзінің QR-кодын жабыстырып, жол ақысын алып отырған

628

Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.

Ақтөбе тұрғыны автобусқа өзінің QR-кодын жабыстырып, жол ақысын алып отырған Фото: canva.com

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт қоғамдық көлікке ақы төлегендердің ақшасын өзіне басып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 19 жастағы жігіт принтер арқылы өзінің QR кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып, осылайша жол ақысын өзіне алған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу