Ақтөбе тұрғыны "Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің" куәлігін сатқан

665

Ақтөбеде облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған қызметтік куәліктерін дайындау және сату бойынша қылмыстық әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz policia.kz порталына сілтеме жасап.    

Ақтөбе тұрғыны "Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің" куәлігін сатқан Фото: polisia.kz

Анықталғандай, жергілікті тұрғын компьютер, түрлі-түсті принтер және ламинаторды пайдаланып, жалған полиция куәліктерін жасап, оны тұрғындарға сатып жіберген.

"Оның пәтерін тінту кезінде оргтехникадан бөлек, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің жеке куәлігіне арналған жүзден астам жапқыш алынды", - делінген хабарламада.

Күдікті қылмыстық іздестіру бөлімі анықтаушысының "қыртысын" өткізгеннен кейін жүргізілген арнайы жедел іс-шаралар барысында ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жасап, сатқан жалған полиция куәліктерін анықтау және алу шаралары жүргізілуде.

2022 жылдың 9 қарашасында Ақтау әкімдігі басшыларынан Каспий теңізінің жағалауындағы жер телімін коммерциялық нысандарды орналастыру үшін оның атына рәсімдеуді талап еткен "Антикор" басшысының жалған көмекшісі Нұрбол Кәрімовтің сотталғаны хабарланды. Ол жеті жыл алты айға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу