Ақтөбе тұрғыны танысының телефонынан өзіне 1 млн теңге аударып алған

377

Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана байқаған.  

Ақтөбе тұрғыны танысының телефонынан өзіне 1 млн теңге аударып алған Фото: Depositphotos.com

Ақтөбе облысында өзгенің телефонынан заңсыз ақша аударған ер адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

41 жастағы ер адам танысымен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезде достық көңіл-күйді өз пайдасына пайдалануды ұйғарған. Танысының назары басқа жаққа ауған сәтте ол оның телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген.

Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.

Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу