Ақтөбе тұрғыны жиналған асық саны бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті

237

Ол 13 жыл бойы асықтан коллекция жинаған.   

Ақтөбе тұрғыны жиналған асық саны бойынша Гиннесс рекордтар кітабына енуге ниетті Фото: Кәмшат Копаева

Асық жинаумен айналысатын ақтөбелік Ерболат Қуанышов Гиннесс рекордын жаңартқысы келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ақтөбелік коллекционердің шеберханасында 3,4 мыңға жуық асық бар. 

"2012 жылы жинап бастадым. Саны көбейген соң, қызығушылық пайда болды. Ауылда ойнағанның себебі шығар. Қазіргі балалар болса жинамас еді. Енді Гиннесс рекордтар кітабына енгім келеді. Бір парақ сертификат берсе, 13 жыл жинағаныма үлкен жетістік болар еді", - деді Ерболат Қуанышов. 

Қазіргі таңда коллекционер құжаттарын реттеп, комиссия талабына сай дайындықты бастаған көрінеді.  

"Асықты малдан алғаннан кейін мұздатқышқа салып тастаймыз. 40-50 шақтысы жиналған соң қазанда 5-6 сағат қайнатамыз. Сосын майын алып, жуып-шаямыз. Кептіргеннен кейін ғана дайын асық болады. Оның да өзіндік жұмысы бар. Бұл – үлкен шаруа", - деді кәсіпкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу