Ақтөбе тұрғыны жүк көлігін өртеп жіберді

482

Қымбат тауарды иемденгісі келген Ақтөбе тұрғыны жүк көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Ақтөбе тұрғыны жүк көлігін өртеп жіберді Фото: polisia.kz

34 жастағы ер адам жалға алынған DAF көлігімен жүк тасымалдаумен айналысқан. Өткен жылдың соңында ол тауарды Алматыдан тиеп алып, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына жеткізбек болған. Ақтөбе қаласына келген ол аталған мүлікті иемденбек ойымен тауарға өрт қоюды жоспарлаған.

3 қаңтарда күдікті Маржанбұлақ ауылында туысқанының үйіне тауардың бір бөлігін (шамамен 70%-ын) түсіріп, одан әрі Шымкент – Самара тас жолына шығып, аталған ауылдан 40 шақырымдай қашықтықта фураның тіркемесінде қалған тауарды өртеп жіберген. Тауар иесі жүк көлігінде жалпы сомасы 146 миллион теңгеге тауар (электроника, ұялы телефон акасессуарлары, зарядтаулар, пауэрбанктер, автомагнитолдар) бар екенін түсіндірген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу