"Бәйтерек ауданының 1970 жылы туылған тұрғынын, оның тұрғылықты жеріндегі жеке үйдің ауласынан тінту кезінде, ерекше иісі бар қою жасыл түсті 26 түп мәдени өсімдіктер табылды. Онда қосымша ғимараттағы үйдің ауласынан төрт қағаз орамдары мен ерекше иісі бар қою жасыл түсті зат салынған құмыра табылды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді ",– деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы (БҚО) полиция департаментінің (ДП) баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.