Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда әуежайы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілуі мүмкін

298

Көлік министрлігі бұл бағытта келіссөз жүргізіп жатыр.

Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда әуежайы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілуі мүмкін Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ведомство басшысы Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Еліміздің әуежайларында мультимодалды орталықтар құру мақсатында қажетті құзыреті мен капиталы бар жеке инвесторларды тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның аясында Астана, Алматы және Шымкент әуежайларына инвесторлар тартылып, ұшу-қону жолақтарын, жанармай құю кешендерін реконструкциялау, жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту жұмыстары кезең кезеңімен іске асырылып жатыр", - деді министр.

Оның мәліметінше, Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын және қажетті арнайы техниканы жаңғыртуды жоспарлап отыр.

"Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар жаһандық ірі инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Көлік министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу