Ақтөбе ЖЭО қазандығын жылу құнын өсіру есебінен жөндейді

1026

Ақтөбе ЖЭО қазандығын жылу құнын өсіру есебінен жөндейді

Ақтөбеде жылу бағасы күрт қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды khabar.kz.

Өндіруші компания монополияға қарсы департаментіне тарифті 82%-ға өсіру туралы өтініш берген. Осыған байланысты өңірде қоғамдық тыңдау өтуде. 
Қазіргі таңда 1 гигакалорий жылудың құны – 1 911 теңге. Егер құзырлы орган монополистердің өтінішін қолдаса, бірден 3 510 теңгеге дейін көтеріледі. 
Бұған дейін белгілі болғандай, жылуды халыққа жеткізуші мекеме келер жылдан бастап өз қызметтері үшін 10%-ға жоғары ақы алады. 
Монополист мекеме: "бағаны көтеруге қазандықтардың тозғаны басты себеп", – дейді. Оларды жаңартуға 10 млрд 800 млн теңге қаражат қажет. 
"Негіздемеміз бар. Қолданыстағы барлық қазандықтар әбден ескіріп, қызмет көрсету мерзімі таусылды. Алдағы 1-2 жылда тіптен істен шығуы мүмкін. Оларды жаңартпаса, жылу өндіру тіптен мүмкін болмайды. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүрміз", - дейді "Ақтөбе ЖЭО" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рақым Мұхаммедқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу