Ақтөбеде "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу жолдары жеңілдетілді. Өңірде "Қамқор баспана" және "Жас арман" өнімдері жұмыс істей бастады, деп хабарлайды 24kz.
Жалпы облыс халықты қолжетімді баспанамен қамту жағынан көш бастап тұр.
"Нұр-Ақтөбе" шағын ауданында соңғы салынған үйлер қазір "7-20-25" бағдарламасымен беріле бастады.
Жас отбасылары мен мемлекеттік қызметшілер және жекелеген санаттағы адамдар үшін алғашқы жарна екі есеге азайды. Ол үшін жергілікті әкімдік 20 пайыз жарнаның жартысын субсидиялау мақсатында 2 млрд теңге қаржы бөлетін болды.
Өңірде бұл бағдарлама бойынша 24 мың адам пәтер алуға ниетті болса, 100-ге жуық адамның құжаты қабылданды. Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған бағдарлама бойынша өңірде 870 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылуға тиіс.