ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 адамды ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар табылды", - дейді комитеттің баспасөз қызметінен.
ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар Қазақстанда тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу