Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

100

Жер иесіне учаскені игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған.

Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментімен жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында, Ақтөбе қаласында орналасқан жалпы көлемі 1,9 гектарды құрайтын, нысаналы мақсаты "көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін" берілген жер телімінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай бос жатқандығы белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жер иесіне жер телімін игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған. Әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін, департамент тарапынан жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап-арыз берілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы орайда, ҚР АШМ ЖРБК әрбір жер иесі мен жер пайдаланушыға өздеріне тиесілі жерлерді нысаналы мақсатына сай әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ барлық заң бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі жөнінде ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу