Ақтөбеде 22 фонтанның тек жартысы ғана жұмыс істеп тұр. Жуырда тағы біреуі іске қосылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"Қалған 10 фонтанды жөндеу керек, себебі сыртындағы гранит тақтайшалары, су сорғышы, құбырлары ескіріп қалған. Өкінішке қарай, фонтанды бірден жөндеу мүмкін болмай тұр, себебі ол күрделі бөлшектерден құралған. Істен шыққан фонтандарды реттеуге бюджеттен 20 млн теңге қарастырылған. Барлығы ашық әрі қаражаттың сапалы жұмсалуын қамтамасыз ету үшін байқау жарияланды",– деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Рүстембек Омаров.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң барлық фонтандар іске қосылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу