Ақтөбеде 120 орынды жетімдер үйі ашылады

745

Ақтөбеде 120 орынды жетімдер үйі ашылады

Ақтөбеде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 120 орынды, құны 4 млрд теңгенің үйі жұмысын бастайды, деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Мейірімді жүрек" акциясы аясында.

Ақтөбеде өткен "Мейірімді жүрек" қайырымдылық кешіне 200-ден аса адам қатысты.

"Тәуелсіздік алған алғашқы жылдан бастап мемлекет басшысы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға баса назар аударып келеді. Өсекелең ұрпақтың барлық халықаралық стандартқа сай білім алуы үшін мектептер, мәдени, спорт нысандары салынып жатыр. Жыл сайын бағдарламамен 60-70 бала баспаналы болады. Сонымен қатар, пәтер кезегінде 1310 бала тұр. Олардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін "ТҚЖБ"-мен, бизнес қоғамдастық өкілдерімен үш жақты келісімге қол қойылды", – деген Бердібек Сапарбаев екі айдан соң ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 120 орынды, 4 млрд теңгенің үйі өз жұмысын бастайтынын айтты.

Кешенді бағдарлама аясында кәсіпорындардың әлеуметтік патронаттық қолдауымен 490 жетім бала қамтылды. Салынған қаржы құны 27 млн теңге. Нәтижесінде, бүгінде балалар үйінің 10 түлегі қажетті қаражатты жинап, баспаналы болуға дайын.

Облыс әкімі Алға балалар үйінің бір тәрбиеленушісіне "Нектар" тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алуға және тағы бір тәрбиеленушінің үйлену тойын өткізуге сертификат табыстады. Алға балалар үйінің түлегі Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де тегін білім алу сертификатына ие болды.

Шара кезінде емделуге, сонымен қатар "ТҚЖБ"-дағы шотты толтыруға сертификаттар берілді. Бұдан өзге, толық қаржыны жинаған жастар үйінің төрт тәрбиеленушісі жиһаз сатып алатын сертификатқа ие болса, ЭКСПО-2017 көрмесіне 20 билет берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу