Ақтөбеде 13 жастағы ерекше баланы іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды

293

Аутизм дертіне шалдыққан бала 5 күн бойы табылмай жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде 13 жастағы ерекше баланы іздеу жұмыстарына тікұшақ жұмылдырылды Фото: ШҚО ТЖД

 

4 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Заречный-1 тұрғын алабында орналасқан үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған Кәрім Жетіру әлі табылмай жатыр. Полиция оны судан да, өзен бойындағы ағаш арасынан да, көпір астынан да іздеді. Қалаға фотосын іліп, ақпаратын таратты. Іздеу үшін Қазавиақұтқару тікұшағы көтерілді.  

"Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жоғалған жеткіншекті әуеден барлай отырып іздеуді бастады. Ақтөбе облыстық ТЖД гарнизонынан құтқарушылар, Кинология қызметі іздеу жұмысына жұмылдырылған", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, еріктілер бар.

"Қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 атты полиция, ұшу аппараттары пайдаланылып жатыр. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді. Сонымен қатар, бағдарлауды көрсете отырып, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексеріліп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу