Ақтөбеде 136 адамды алдаған емшіге сот үкімі шықты

311

Ол 579 миллион теңгені иемденген.  

Ақтөбеде 136 адамды алдаған емшіге сот үкімі шықты Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласының №2 соты емші Сұлушаш Қазбаеваға үкім шығарып, оны 136 жәбірленушіге қатысты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Диапазонға" сілтеме жасап.

Емші әйел 2025 жылдың қаңтарында ұсталған. Бұған дейін емші өзіне жүгінген адамдарды "ізгі мақсаттар" үшін несие алуға көндіргені анықталды.

"Сотталушы мешіт пен медициналық орталық салу, сондай-ақ кәмелетке толмаған баласын шетелде емдету және өз "емшілік ісін дамыту" сылтауымен әртүрлі банктерден өз пациенттерінің атына несие рәсімдетіп, алынған ақшаны қайтаруға ниетті болмаған", – делінген соттың хабарламасында.

Сот барысында Қазбаева өз кінәсін мойындамаған. Прокурор оған 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандыруды талап еткен.

Сот мемлекеттік айыптаумен келісе отырып, азаматтық талаптарды ішінара қанағаттандырды.

Емші жазасын 2 жылдан кейін өтей бастайды – ол кезде оның баласы 14 жасқа толады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу