Ақтөбеде 16 мыңнан астам бала әкесінен алимент ала алмай жүр

990

Ал баласына қарыз әкелер еш кедергісіз Түркияда демалып келген.

Ақтөбеде 16 мыңнан астам бала әкесінен алимент ала алмай жүр

Ақтөбе облыстық прокуратурасы сот орындаушыларының жұмысын тексеріп, олардың өзі ісіне салғырт қарайтынын анықтады. Жеке және мемлекеттік сот орындаушылары 16 мыңнан астам балаға тиесілі көлемі 315 миллион теңге болатын алиментті өндіре алмады, деп жазады aktobenews.kz.

"Сот орындаушылары алимент төлейтін әкелер туралы ақпаратты жұмыс орнына жібермей, олардың мүлкі туралы дерек алмаған. Мәселен, Ибраевта екі көлік бар, ал оның балалары алдындағы қарызы 900 мың теңгеге жетті. Досмағанбетов баласына 800 мың теңге алимент төлеуі тиіс. Ол еш кедергісіз Түркияға барып, демалып келді. Баласына 800 мың теңге бережақ тағы бір ақтөбелік төрт рет Ресейге барды. Сот орындаушылары баласына қарыз әкелердің көлік жүргізу құқығынан да айырмады. Мәселен, Балмұханов баласына 2 миллион теңге қарыз, ал ол көлік жүргізіп жүр. Прокуратура балалардың құқығын қорғау мақсатында облыстық әділет департаментіне хат жолдады", — деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу