Ақтөбеде жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

413

Оның жүргізуші куәлігі болмағаны анықталып отыр. 

Ақтөбеде жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды Фото: yandex.kz

Ақтөбеде полиция қызметкерлері оқушыны қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған.

"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде табылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі анықталды. Ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу