Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті

103

Оқиға Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде болды.

Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті Фото: aikyn.kz

Сүңгуірлер екі адамның денесін Танаберген өзенінен алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Маржанбұлақ ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері және төтенше жағдайлар бөлімі оқиға орнына барды. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуірлер тартылды. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде екі адамның денесі судан шығарылды. Адамдардың денесі өзен жағасынан шамамен 7 метр қашықтықта тереңдігі 3 метр жерден табылды, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу