Олар сауда үйлерінің біріндегі бутик сөресінен бірнеше ұялы телефон қолды қылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Араға 3 күн салып, олар дүкенге қайта оралып, тағы бір телефонды үптеп кеткен. Осы қылмыстарға күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 19 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды.
Олар кінәсін мойындап, ұрланған телефондарды ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажетіне жұмсағанын айтқан.
Олардың діндар екені, не болмаса қылмыс кезінде бет-әлпетін жабу үшін никаб кигенін тергеушілер анықтайды.
– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмыстық әрекет үшін заңнамада мүлкi тәркiленіп, 7 жылға дейiн бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.