Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған

341

Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. 

Ақтөбеде 20 кәсіпкердің шоттары заңсыз бұғатталған Фото: rsv.ru

Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен бірігіп камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектінің шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады.

Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу