Ақтөбеде 22 жастағы жігіт қарындасының құрбысын зорлады деген күдікке ілінді

206

Күдікті қамауға алынды.

Ақтөбеде 22 жастағы жігіт қарындасының құрбысын зорлады деген күдікке ілінді Фото: kt.kz

Ақтөбелік тұрғын Ақмарал Әжғалиева өзінің сіңлісінің зорлық көргенін, ал оны зәбірлеген ер адамның бостандықта жүргенін айтып, шағымын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға биыл мамыр айында болды. Сіңлісі құрбысының үйіне барып, кейін үйіне кетпек болған. Сол шақта құрбысының ағасы оны жібермей, зорлық көрсеткен. Осы оқиғадан соң мектеп оқушысың мінезі өзгеріп, ас батпай, арада бір айға жуық уақыт өткенде ағасы мен ата-анасына айтады.

"Сіңлім бұрын ашық-жарқын еді. Қазір қиналып, қап-қара түнек болып жүр. Ешкіммен сөйлесейді, дұрыс тамақ та ішпейді. Ол бізге айтуға қорыққан. Себебі ол жігіт қорқытқан, өлтіретінін айтқан. Талабымыз - әділдік орнап, жазасын алсын", – деді Ақмарал Әжғалиева.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр.

"Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір мән-жайды анықтау үшін жан-жақты тергеу жұмысы жүріп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу