Ақтөбеде 23 млн теңге бюджет қаражатын бәске тіккен әскери қызметкер сотталды

420

Ақтөбе гарнизоны әскери соты 23 миллион теңгеден астам бюджет ақшасын ұрлаған әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды.  

Ақтөбеде 23 млн теңге бюджет қаражатын бәске тіккен әскери қызметкер сотталды Фото: Inbusiness.kz

Іс материалдарына сәйкес, жауапкер қаржы қызметінің басшысы бола тұра, бөлімнің бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстыру арқылы өзінің банктік шоттарына ақшаны заңсыз аударған, деп жазады inbusiness.kz.

"Әскери қызметші Olimp платформасында бәс тігу үшін бюджет қаражатын пайдаланған. Салдарынан мемлекетке 23 миллион теңгеден астам шығын келтірілген", - деді сот.

Қылмыстық іс сотқа жеткенге дейін сарбаз келтірілген шығынды толық өтеген.

Нәтижесінде әскери қызметші әскери атағынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді, сондай-ақ мемлекетке процессуалдық шығындарды төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу