Көпқабатты үйдің 7-қабатынан 26 жастағы қыз секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқиға Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесінде болды. Бүгін сағат 15:30-да Жедел басқару орталығының пультіне көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қыз алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Ақтөбеде биыл 168 адам өз-өзіне қол салды. Оның ішінде 47 адам көз жұмып, қалғаны құтқарылды.